Қос палатаның отырысында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» декларациясын қабылдап жатыр

Рейтинг
23.11.2016, 10:45

b3ef2890e3a39252580219f750178d9c-bigБүгінгі ҚР Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында маңызды құжат қаралып жатыр. 

Сенат пен Мәжіліс төрағаларының атына қос палатаның бір топ депутаттары үндеу жолдады. Осыған орай, Парламент палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібіне бір ғана мәселе енгізіліп, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясын қабылдау туралы» мәселе қаралуда.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы өте маңызды тарихи кезеңге арналған құжат. Осы уақыттың ішінде барлық жетістіктер мен табыстар ең алдымен, Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі. Сонымен бірге әрқашан да Президентімізге қолдау көрсетіп, тірек болып келе жатқан халқымыздың береке-бірлігінің нәтижесі. Сондықтан Парламентте осы тарихи құжатты қарастыру - ол келе жатқан Тәуелсіздік мерейтойының ерекше маңыздылығын көрсетеді», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Аталған құжаттың жобасын Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов таныстырды.

Бірлескен отырысқа ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, сондай-ақ Конституциялық кеңестің, Жоғарғы соттың және Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, Үкімет мүшелері, Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент палаталары аппараттарының жауапты қызметкерлері қатысуда.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom