Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылуда

Аймақ
24.11.2016, 22:53

61cd4588-4c5f-49d5-a96f-5079be4799c9Бүгін, Шымкент қаласының Абай саябағы Көркемсурет мұражайында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жұмыссыз азаматтарға арналған» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде.

Бүгінгі жәрмеңкеге қала аумағында орналасқан 248 кәсіпорындар мен мекемелер қатысып, 2224 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауға, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туып отыр.

Айта кетерлігі, қалалық  жұмыспен қамту органдары жылдық жоспарға сәйкес 4443 тұрақты жұмыс орнына, әлеуметтік жұмыс саласы бойынша  1160 азаматты, жастар практикасымен 2070 жас түлекті жұмыспен қамту көзделуде.

Сұхбат

PhotoRoom