Орталық Азиядағы модернизация мен қақтығыстар

Жаңалықтар
11.08.2014, 10:11

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Орталық Азиядағы модерницазия мен қақтығыстар» тақырыбындағы халықаралық жазғы мектеп жиыны аяқталды. Ол тамыздың 4 мен 10 аралағында өтті. Халықаралық іс-шараға Германия, Канада, Швеция, Қытай, Моңғолия, Орталық Азия республикалары мен Қазақстанның жас оқытушылары, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты, деп хабарлады kaznu.kz. 

Жиынның мақсаты - қазіргі халықаралық саясаттағы шиеленіспен Орталық Азия елдерінің болашақтағы дамуына, мемлекеттік, саяси, экономикалық, мәдени модернизацияға қатысты өзекті мәселелерді талқылау.

Жазғы мектепте қазақстандық және шетелдік оқытушылар сарапшылар семинарын өткізсе, екінші бөлімінде қатысушылардың ғылыми зерттеу тақырыптары қарастырылды.

Жобаны Гамбург университетінің Бейбітшілік пен саясат қауіпсіздігін зерттеу институты мен ҚазҰУ-дың герман зерттеулер орталығы бірігіп ұйымдастырған.

Халықаралық жобаға Германияның Сыртқы істер министрлігі қолдау көрсеткен.

Сұхбат

PhotoRoom