Қазақстан мен Ресей арасындағы туризм жандана түспек

Жаңалықтар
28.11.2016, 17:56

img_2694ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев Санкт-Петерборда ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қырық бесінші пленарлық отырысына қатысты. Ассамблея жұмысы аясында Таврия сарайында туризм саласы бойынша Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралған Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиыны Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Комиссияның тоғызыншы отырысы өтті. Оған вице-спикерлер Сергей Громов пен Ілияс Умаханов төрағалық етті.

Марат Игалиев Қазақстан мен Ресей арасындағы туризм саласын дамытудың негізгі мәселелеріне тоқталды.

«ІЖӨ-ге қосатын туризм көрсеткішінің төмендігі; ішкі туризмнің даму деңгейінің жеткіліксіздігі мен сыртқа шығу туризмі бағыттарының артықшылығы; туризмді дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру көрсеткішінің төмендігі; туризм саласына экономикадағы дағдарыстың кері әсер етуі сияқты мәселелер бар. Мұндай жағдайда біздің елдер бірлескен туристік өнімдерді барынша ұсыну керек. Әсіресе Қытай нарығына шығаруды қолға алу қажет. Сонымен қатар, шекаралық ынтымақтастықты дамыту;  сыртқы нарыққа Қазақстан мен Ресейдің туристік әлеуетін паш ету; шетелдік туристер үшін визалық және тіркелу мәселелерін шешу; ішкі туризмді дамыту сияқты негізгі жұмыстарды қолға алу қажет», - деді М.Игалиев.

Ынтымақтастық жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы бойынша екіжақты негізде және интеграциялық құрылымдар аясындағы азаматтардың туристік қызметтерге қол жеткізуін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететін ортақ туристік кеңістік қалыптастыру үдерісін жандандыру және өзара іс-қимылдың заңдық, әлеуметтік-құқықтық, гуманитарлық қырларын пысықтау қажеттігі атап өтілді.

2017 жылы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Келісімді бекітуге ықпал ету; ЕАЭО мүше мемлекеттердің туризм саласындағы заңнамаларды одан әрі үйлестіру және туризм саласындағы стандарттарды сәйкестендіру бойынша ынтымақтастық; туризм саласындағы тұрақты қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, туристік қызметті ұйымдастыру жағдайлары мен қағидалары;  мамандар әзірлеудің бірыңғай жүйесін құру; интеграциялық үдерістердің артықшылықтары мен факторларын пайдалану, оның ішінде қонақжайлық индустриясын құруда аймақаралық және шекаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom