Тұңғыш Президент күніне үздік тарту жасаған облыс

Жаңалықтар
30.11.2016, 15:05

cd476cac712adaa7335559180631ed35 фото tengrinews.kz сайтынан алынды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Талдықорған қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші ашылды. Ескерткіш Талдықорған қаласындағы мемлекеттің символдар алеясына қойылды. Туынды авторы - мүсінші Қазбек Сатыбалдин.

Ескерткіштің ашылу салтанатына мемлекеттік қайраткерлер, мәслихат депутаттары мен аймақ интелегенциясы қатысты. Салтанатты шара барысында сөз алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бұл жайттың тарихи маңызын атапөтті.

«Бұл барлық Қазақстан үшін тарихи күн. Бүгін осынау қасиетті жерде Тұңғыш Президент, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш ашып отырмыз. Президентіміздің арқасында біз экономиканың барлық саласында теңдессіз серпіліс жасадық. Тыныштық пен даму символына айналдық», - деді облыс басшысы Амандық Баталов.

Сонымен қатар, бүгін Алматы облысында «25 жұлдызды күн» аясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығының құрметіне 2385 орынға есептелген 25 балабақша ашылады.

"Сайгез-ақпарат"

 

 

Сұхбат

PhotoRoom