Инвесторларға бірегей жағдай жасалған елміз

Жаңалықтар
12.08.2014, 13:15

Қазақстанда индустриаландыруға қатысатын шетелдік инвесторлар үшін бірегей жағдай жасалған. Бүгін Ақордада Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып жаңадан тағайындалған бірқатар шетел дипломатынан сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлім етті. 

«Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішіндегі өз тарихының жаңа парағын ашады. Біз 21 ғасырдың бірінші жартысында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат тұтып отырмыз және бұл үшін қажетті барлық шараларды қабылдаймыз. Бұл мақсаттарға жету үшін басты вектор мен нақты міндеттер 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында айқындалған», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы ұзақмерзімді міндеттерді ескере отырып, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі сыртқы саясатының тұжырымдасы бекітілгенін де атап өтті.

ҚР Президенті өз сөзінде Қазақстанда Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын да ескертіп өтті. Оны жүзеге асырудың алғашқы 5 жылдығында 800 жаңа кәсіпорын іске қосылды. Ал екінші бесжылдықта инновацияға басымдық беріледі. Бұған қоса, шетелдік инвесторлар үшін жеңілдікті жағдайлар да жасалатындығын ескертіп өткен Елбасы шетелдік дипломаттарды еліміздің индустрияландыру бағдарламасына атсалысуға шақырды.

Сұхбат

PhotoRoom