ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНУДА

Аймақ
02.12.2016, 23:32

fd35cdc2-4e40-4bb9-8d36-b6a2fdfc9dc3Бүгін, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен «Спорт лайф» футбол манежінде «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай әуесқой командалар арасында кіші футболдан қала әкімінің кубогіне арналған жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр кездесуінде елімізде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы айтып келеді. Бүгінде сол ұлт көшбасшысының тапсырмаларға орай қаламызда спорт түрлерінен түрлі сайыстар өтіп жатыр. Бұл реткі футбол жарысы соның дәлелі", - деді қала әкімі өз құттықтауында.

Айта кетерлігі, 2-4 желтоқсан аралығында ұйымдастырылған жарысқа қала тұрғындарынан f7b295ff-d838-49ce-936c-faf159391294құралған әуесқой 49 командадан (40 жастан асқандар 17 команда, 40 жасқа дейінгілер 32 команда) жалпы саны 500 - ден аса адам қатысып отыр.

Екі күнге жалғасатын жарыстың финалдық ойындары мен жабылу рәсімі 4 желтоқсан күні сағат: 10.00-13.00 аралығында «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» (Орталық стадион) спорт кешенінде өтеді.

Сұхбат

PhotoRoom