Отандық автоөндіріс дағдарыстан шығып келеді

Рейтинг
10.11.2016, 09:14

%d0%b0%d0%b2%d1%82%d0%be%d3%a9%d0%bd%d0%b4%d1%96%d1%80%d1%96%d1%81Қазақстандық автоөндіріс саласы дағдарысты еңсеріп, отандық өнім саудасының көлемі ұлғайып келеді. Сала мамандарының айтуынша, сыртқы экономикалық жағдайлар тұтынушылардың арзан автокөліктерді таңдауына айтарлықтай әсер етті.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, отандық өнімге деген сұраныстың артуына екі экономикалық жағдай ықпал етіп отыр. Біріншісі – әлемдік мұнай бағасының арзандауы, екіншісі – 2014-2015 жылдардағы Ресей рублі мен төл теңге арасындағы бағам айырмашылығы. Соңғы екі жылда елімізге сырттан 300 мың автокөлік әкелінген. Бұл жағдай сұранысты 18 айға шегерген. Бірақ Үкімет тарапынан отандық автоөндірісті дамытуға қомақты қаржы бөлініп отыр.

Владимир Герасименко, Қазақстандық Автобизнес қауымдастығының атқарушы директоры:

- 2015 жылы мемлекет отандық автөндірісті несиелеуге 26 млрд теңге бөлді. Бұл қаржының басым бөлігі несиелеу бағдарламасына бағытталды. Қазір елімізде жиналатын автокөліктердің сапасы жақсарып, сатып алу көлемі де артып келеді. Қаржы үнемдеуді бірінші орынға қойған тұтынушылар енді қолжетімді отандық автокөліктерді сатып ала бастады. Оған жеңілдетілген несиелеу жүйесі әсер етіп отыр.

Дәурен Әкежанов, Автосалонның көлік сату бөлімінің басшысы:

- Бюджеттік машиналар, экономдық машиналар бірінші орында тұра береді. Өйткені олар бюджетті болады. Өте арзан болады. Бізде машиналар жеңілдікпен кредиттеу бар болғаннан кейін көп сатылады. Мамандар болашақта отандық автоөндіріс саласының даму туралы болжам жасауға асықпауда. Дегенмен жанар-жағармайдың қымбаттауына қарамастан, ішкі нарықтағы автокөлік саудасы жүріп жатыр. Биыл автодиллерлер ішкі нарықта 45 мың темір тұлпар сатуды жоспарлап отыр. Ал 2017 жылы сатылым көлемі 65 мыңға жетуі мүмкін.

https://www.youtube.com/watch?v=QJpty8f8w_Q

Сұхбат

PhotoRoom