Өзбекстан бүгін жаңа президентінің есімін атайды. Бейресми мәліметтер Мирзияев жеңгенін айтады

Жаңалықтар
05.12.2016, 09:36

6178f7d0-c4f7-4c56-a935-0244aea7474a_cx0_cy17_cw0_w987_r1_s_r1Өзбекстанда ел президенті лауазымына сайлау аяқталды. Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге қатысқандар электораттың 88 пайызын құрады.  

Бүгінгі сайлау Орталық Азиядағы постсоветтік мемлекеттер арасында халқының саны ең көп елді соңғы 27 жыл авторитарлық тәсілмен басқарып, биыл қыркүйектің басында 78 жасында қайтыс болған Ислам Каримовтен кейін бес жыл мерзімге президент болатын адамды анықтауы тиіс.

Дауыс беру жексенбі, 4 желтоқсан күні сағат 06.00-де басталып, 20.00-де аяқталды. Түс ауа Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өтті деп таныды, себебі келушілердің саны қажетті 33 пайыздан асып жығылды. Өзбекстан заңы бойынша, сайлаушылар тізіміне енген азаматтардың 33 пайызы дауыс беруге қатысқан жағдайда сайлау өткен болып саналады.

ОСК-ның мәліметінше, сайлауда 17 млн. 941 мың 955 адам дауыс берді, бұл электораттың 87,83 пайызы. Бұл туралы 4 желтоқсан күні  қорытынды брифингте ОСК төрағасы  Мирза-Улугбек Абдусаломов айтты. Дауыс беру ел ішіндегі - 9383  және шет елдердегі 44 сайлау учаскесінде өтті. ОС К төрағасы дауыс берудің нәтижесі бойынша болашақ президент туралы алдын ала мәліметтерді атамай, алғашқы нәтижелер 5 желтоқсан күні түстен кейін айтылатынын жеткізді. Бұған дейін хабарланғандай, сайлауға төрт үміткер қатысуда - президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзияев Өзбекстанның либеральдық-демократиялық партиясы атынан түсуде,  Хатамжон Кетмонов Халық -демократиялық партиясынан, Нариман Омаров социал-демократтардан және парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов демократиялық партиядан сайлауға қатысуда.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom