«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы киелі Түркістан шаһарында болды

Аймақ
05.12.2016, 22:33

15267871_1826089714317842_3007886609908310918_nТүркістан қаласының теміржол вокзалына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы аялдады. Қасиетті өңір халқының алғысы мен құрметіне бөленген пойыз жолаушыларын түркістандықтар құшақ жая қарсы алды.

Құрамында министрліктердің жетекші мамандары, сарапшылар, заңгерлер, медицина қызметкерлері бар пойызды Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Төлеген бастаған қала халқы сән-салтанатымен күтіп алып ерекше ықыластарын жеткізді. Пойыз штабының жетекшісі Ә.Әлпейісов жергілікті15337557_1826089970984483_1178535657420493393_n тұрғындарға сапардың мақсатын түсіндіріп, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

Өңірлердегі халықтың мәселелерін шешуді көздеген пойыз жолаушылары қоғамдық қабылдаулар өткізіп, қамкөңіл жандардың мұң-мұқтажын тыңдап, келелі кеңестер беріп, науқастар дертіне ем-дом жасады.

Поезд делегаттарының қатысуымен Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де ел Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына арналған дәріс өтті. Сонымен қатар, эномәдени орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кездесулер өткізіліп, онда тәуелсіздік жетістіктері жайы айтылды. Сондай-ақ, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб жетекшісі бірқатар азаматтарды15355711_1826089967651150_3284620295213148915_n жеке мәселелерімен қабылдады.

Игі шара соңы қала жастарының «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында флэшмобы және қала өнерпаздарының қатысуымен Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына арналған мерекелік концертке ұласты.

 

Сұхбат

PhotoRoom