ОҚО-да Иран этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті

Аймақ
05.12.2016, 22:43

20161205200047Оңтүстікте  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында иран этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті.   Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-да өткен іс-шарада ұлттық тағамдар және қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды. Облыстық ассамблея хатшылығының инспекторы Ұлжан Айтубаева барша қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, қоғамдық келісім мен тұрақтылық - біздің басты ұстанымымыз болуы тиіс екендігін айтып өтті. Өз кезегінде облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нұрысбек Капар-Пур  Қазақстанда әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалғанына ризашылығын білдірді.20161205200025 Салтанатты  жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.   Айта кетерлігі, бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 5 мыңға жуық иран этносының өкілі тұрады.  Облыста 1997 жылы ашылған иран этномәдени бірлестігі ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытында өңірде атқарылған барлық кешенді іс-шаралардың жанынан табылып келеді. Тағы бір тоқтала кететін жайт, біздің елімізде тұрып жатқан барлық этностың кең тыныстауына, өздерін еркін ұстап, салттарын сақтап, дәстүрлерін дәріптеулеріне, ана тілдерін ұмытпай, ұлттық құндылықтарын ұлықтауларына толық мүмкіндіктер жасалып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom