Темірланда 14 тұрғын үйдің құрылысы басталды

Аймақ
05.12.2016, 22:52

cd5681d9ea9d06cab86f0641fd69081d_xlОңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында баспана мәселесі биыл оң шешімін тауып отыр. Жақында аудан орталығында кезекте тұрған тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға арналған көпқабатты 14 тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ордабасы ауданында соңғы рет 2010 жылы сегіз отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлаған. Арада алты жыл өткен соң игілікті іс жалғасын тауып, тұрғын үй құрылысы қайта басталды. Қазір нысанда жер қазу жұмыстары аяқталып, оның инженерлік инфроқұрылымы қарқынды жүруде. «СМУ-водстрой» ЖШС-нің учаске басшысы Жақсыбек Юсуповтың айтуынша, бұл құрылыстың бір ерекшелігі бар. Ол жерде жаңа технологиялар пайдаланылуда. Бұрын мұндай іс бұл өңірде істелмеген. Су құбырларының астына битуммен топырақты араластырып салып жатыр. Өйткені, ол жер астынан жоғары көтерілетін суды ұстап тұратын көрінеді. Құрылыстағы жаңа тәсілдің арқасында жерасты жүргізілген су құбырларына нұқсан келмейді. 50-60 жылға дейін шыдас береді. Қазір бұл іске қажетті барлық материал жеткілікті. Битумға араластырылатын түрлі құрылыс қоспалары бар. Ол құрылыс жұмысының сапасын арттыра түседі. Осы құрылыстың заманауи түрін жас жұмысшылар атқарып жатыр. Жетекші мамандар оқытып, үйретіп жатыр. Жастар жағының шапшаңдығымен жаңа қоныстағы құрылыстың қарқыны мықты. Межелі мерзімнен кешігу жоқ. Баспаналар сәтін салса, келесі жылы пайдалануға беріледі.

 

Сұхбат

PhotoRoom