Еуропа Шавкат Мирзияевтен жан-жақты реформа күтеді

Жаңалықтар
06.12.2016, 11:46

%d0%bc%d0%b8%d1%80%d0%b7%d1%8f%d0%b5%d0%b2Өзбекстанның президенті болып сайланған Шавкат Мирзияевты ең бірінші болып құттықтағандардың бірі Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Содан кейін постсоветтік елдің басшылары түгелдей құттықтап шықты.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзияевті құттықтап, "бауырлас Өзбекстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайта түсетін ауқымды өзгерістер" жасалатынына, бұл жеңіс "Орталық Азиядағы барлық елдердің ынтымақтастығын кеңейтуге тың серпін беретініне" сенім білдірген. Сайлау нәтижесін "халық қолдауының көрінісі" деп білетінін айтқан Назарбаев "өзіңізге ыңғайлы уақытта Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуді ұсынамын" деген.

Еуропаның ескертуі

Еуропа Одағы (ЕО) өкілдері "сайлаудың нәтижесі Өзбекстан үкіметіне реформалар керек екенін көрсетті" деп мәлімдеді. ЕО-ның желтоқсанның 5-і күнгі мәлімдемесінде "Өзбекстан билігі елдің әлсіз тұстарын күшейтеді деп сенеміз және ЕО Өзбекстан үкіметіне көмектесуге әзір" деді.

ЕО "сайлау қарсаңында маңызды реформалар басталды, соның ішінде, бизнес климатты, сот жүйесін, еңбек жағдайын жақсарту, жемқорлықпен күрес пен әкімшілік жауапкершілікті күшейту тарапында өзгерістер жасала бастады. Осы реформалар Өзбекстанның экономикалық-әлеуметтік тұрғыда дамуы және елде демократиялық басқаруды орнықтыру үшін ары қарай жалғасуы тиіс" дейді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) сол күні сайлауда "шын бәсеке болмағанын", сайлаушыларға "балама көзқарастармен танысуға мүмкіндік берілмегенін" мәлімдеді. ЕҚЫҰ "Өзбекстан билігі шынайы ашық және еркін сайлау өтетіндей жағдай жасай алмады" деп қорытады.

Өкілдері Өзбекстандағы сайлауды бақылаған Еуропаның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (БДИПЧ) да осы тақілеттес мәлімдеме жасаған. Ұйым таратқан ақпаратта "Өзбекстандағы сайлау елде жан-жақты реформа жасау керек екенін көрсетті" деп жазылған. Еуропаның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы "Сайлау әкімшілігі жұмысының жариялылығын арттыруға тырысқанымен, науқан барысында мемлекеттік мекемелер ықпалының басым болуы, негізгі адам құқықтарының шектелуі саяси плюрализмді жоққа шығарып, шараны бәсекесіз сайлауға ұластырды" дейді. Бюро мәліметінше "Өзбекстандағы БАҚ сайлау науқаны кезінде бақылау аясында жұмыс істеген. БАҚ белгілі бір шектеуге ұшырағандықтан, сайлаушылар балама көзқарастармен таныса алмаған".

Материал Азаттықтан алынды

Сұхбат

PhotoRoom