Сұлтановтың алғашқы маңызды кездесуі

Аймақ
14.08.2014, 10:42

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов пен Бельгияның Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Мишель Петерманс кездесiп, өзара ынтымақтастық, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен энергия үнемдеу технологиялары салаларына қатысты мәселелердi талқылады, деп хабарлайды Bnews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл - Ерік Сұлтановтың үлкен қызметтегі алғашқы халықаралық маңызды кездесуі. Облыс әкімдерінің ай сайынғы рейтингіне осындай маңызды шаралардың да ықпалы болып жатады.

СҚО мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 2013 жылы 9 млн. АКШ долларына жеткен. Оның 4,8 млн. доллары экспорт.

Кездесудi ашқан облыс әкiмi «Бельгиямен ынтымақтастығымыздың оңға басып отырғандығы қуантады. Бүгiнде елiмiзде кәсiпкерлiктi дамытуға ерекше көңiл бөлiнiп отыр. Үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында бiз ендi 100-ден аса жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан, Бельгия тарапымен әрiптестiкте жұмыс iстеуге әзiрмiз» – дедi.

Мишель Петерманс Қазақстанның дамуына, Астананың өсу қарқынына өз бағасын бердi. «Осындай сапарлардың арқасында бiз өзiмiздiң кәсiпкерлерге сiздер туралы ақпарат бере аламыз», – дейдi Бельгия елшiсi.

Кездесу соңында екi тарап естелiк сыйлықтар тарту еттi.

 

Сұхбат

PhotoRoom