Сайлаудың түрлерін ажырата аламыз ба?

Сараптама
14.08.2014, 11:29

Қоғамдағы саяси мәдениеттің деңгейі туралы айтылғанда әртүрлі пікір бар. Қазақстанда өзге өркениетті елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен екені айтпаса да түсінікті.

оск

 

Мысалы Сенат депутаттарын сайлау туралы айтыла бастағалы бері, бізден сұраушылар көбейді. Яғни, «жанама дауыс беру дегеніміз не?», «Сенат депутаттығына үміткерлерге дауыс бере алмаймыз ба?» деп. Бізде 2007 жылы сайлаудың пропорционалды түрі енгізілгелі Сенат түгілі, Мәжілістің депутаттарын аты-жөні арқылы таңдай алмаймыз. Мәжіліс үшін біз саяси партияларға дауыс береміз, сайлау кедергілерінен өткен партиялар Парламенттегі орындарына кімдерді депутат етіп жіберетінін өздері шешеді. Мажоритарлы сайлау болған кезде біз бұрындары Мәжіліске үміткерлерді өзіміз таңдайтынбыз. Ал Сенат депутаттарын сайлауымыз АҚШ халқының өз президентін таңдауына көбірек ұқсайды. Таңдаушы (выборщик) деген ұғым бар. Біздегі таңдаушылар – өзіміз дауыс беріп тікелей сайлаған Мәслихаттағы депутаттар. Яғни, Сенат депутаттарын солар дауыс беру арқылы анықтайды. Түсініктірек болу үшін біз төменде ҚР Сайлау туралы Заңынан үзінділер келтірдік.

3-бап. Сайлау құқығы принциптeрі

2-тармақ:  Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

7-бап. Жанама сайлау құқығы

1-тармақ: Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар -мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

2-тармақ: Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

9-бап. Сайлау жүйeлeрі

1-тармақ:  Президенттi, Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамлеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

1-тармақша:(алып тасталды)

2-тармақша:  мыналар: - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған; - қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.

Сұхбат

PhotoRoom