Жамбылда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Аймақ
07.12.2016, 23:14

Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы «6» желтоқсандағы №471-ө өкіміміен Әбілдаев Тлеухан Шілдебайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Әбілдаев Тлеухан Шілдебайұлы 1962 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1985 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Алматы қаласының №2 қалалық клиникалық ауруханасында  мейіргер  болып бастаған.

1985-1986 жылдары  Жамбыл облыстық ауруханасының интерн-дәрігері; 1986-1996 жылдары Талас орталық аудандық ауруханасының хирург дәрігері, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігері; 1996-1999 жылдары Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері; 1999-2005 жылдары Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы; 2005-2009 жылдары Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері; 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры; 2010-2016 жылдары Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез мәселелері ұлттық орталығы» РМҚК-ның директоры;  2016 жылдың наурыз-маусым аралығында Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК бас директорының орынбасары; 2016 жылғы маусым-желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

Сұхбат

PhotoRoom