Таразда 30 жыл бұрынғы көпір құрылысы қайта жанданды

Аймақ
12.12.2016, 00:46

20161206101930Жамбылдық «Арайстроймаркет-2003» компаниясы Кеңестік кезде басталған көпір құрылысын аяқтауға бел буып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құрылысы 1987 жылы басталған нысанның жобалық құны 1,8 миллиард теңгені құрайды. 2016 жылдың аяғында қайта жанданған құрылысты 2018 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр. Мердігер компания «Арайстроймаркет-2003» ЖШС өңірде әлеуметтік нысандарды, ғимараттарды тұрғызатын, автокөлік жолдарын салатын, асфальтбетон шығаратын көпсалалы құрылыс компаниясы ретінде танымал. Дәл осы жамбылдық серіктестік Қазақстанда алғаш рет жобалық қуаты жылына 250 мың секция болатын аллюминий және биметалл радиаторларын өндіруді бастады. Оның құны 1 миллион доллардан асатын. Одан бөлек, компания Таразда жеке білім беру кешенін ашты - «Інжу-Тараз» балабақша-мектебінде 600-ден астам бала оқып жатыр. «Арайстроймаркет-2003» ЖШС басшылығының хабарлауынша, «Құмшағыл» және «Қиыр Қарасу» тұрғын үй алаптарын жалғайтын көпірдің ұзындығы 315 метр және ені 28 метр болмақ. Құрылыс жұмыстарына 30 адам және 40 техника жұмылдырылды. Компания мақсатты түрде тек қана отандық өндірістің материалдарын пайдалануда. Тараз әкімдігінің түсіндіруінше, болашақта «Құмшағыл» және «Қиыр Қарасу» тұрғын үй алаптары аумағында барлық инфрақұрылымы бар жеке үйлер құрылысына 250 гектар жер бөлінеді. Мұнда 1 104 жер учаскесі болады, 2 га аумақта 280 орындық балабақша, 3,6 га жерге 600 орындық мектеп, емхана және өзге де әлеуметтік, мәдени және мәдени тұрмыстық нысандар тұрғызылады.

Сұхбат

PhotoRoom