Амангелді газ конденсантты кен орнында жаңа ұңғымалар іске қосылды

Аймақ
12.12.2016, 00:47

20161206104105Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында газ кен орнының ресурстық базасы, болжам бойынша, таяу жылдары 20 млрд текше метрге дейін кеңейеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА . Еске салсақ, 2003 жылғы қазанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақбұлым компрессорлық стансасында Амангелді газ конденсат кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға рұқсат берді, көгілдір отын өндірудің алғашқы миллиардтық межесі 2007 жылы, екіншісі - 2010 жылы орын алды. 2013 жылы табиғи газды өндіруде үш миллиардтық меже еңсерілді, 321,8 млн текше метр «көгілдір отын» және 21,8 мың тонна газ конденсаты өндірілді. Жоба «ҚазТрансГаз» АҚ «газ және газбен жабдықтау саласындағы 100 қадам» стратегиялық жоспары аясында іске асырылды. «Амангелді ГАЗ» ЖШС дирекциясынан хабарлағандай, 13 жыл ішінде 4 млрд текше метр газ және 300 мың тонна конденсат өндірілді. Осылайша, Қазақстанның оңтүстігінде газ тапшылығы азайтылды. Жалпы пайдалану қоры 40 ұңғыманы құрайды, бұл тәулігіне 1 млн текше метр газ өндіруге мүмкіндік береді. Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында «Амангелді газ» серіктестігі Амангелді кен орнында №129 және №131 және Жарқұм кен орнында № 8 ұңғыманы пайдалануға тапсырды. Бұл газ өндірудің 1 млн текше метрден астам деңгейінде орташа тәуліктік көлемін қолдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Амангелді-Жарқұм-Айрақты 24-шақырымдық газ құбыры құрылысы аяқталды. Бұл газ құбыры арқылы газ Амангелді кен орнының газды кешенді дайындаудың орталық қондырғысына өтеді.

 

Сұхбат

PhotoRoom