Ярослав Красиенконың Елбасымен болған соңғы сұхбаты (ВИДЕО)

Тұлға
12.12.2016, 10:43

12Нұрсұлтан Назарбаев "25KZ Новейшая история" фильмінің авторларына Тәуелсіздіктің 25 жылдығында елде болған бірқатар мәселелерге байланысты пікірін айтты. Жоғарғы Кеңестің тарауы, Астанадағы кейбір ғимараттардың құрылысына қаражатты кімнің бөлгенін, "Шеврон" компаниясымен жасалған "ғасыр келісімшарты" жайлы айтып берді. 

"Барлық партия айғайлай беретін болса, шешімді кім шығарады?"

Картинада Жоғарғы Кеңестің 1993 және 1995 жылдары өздігінен тарағаны жайлы айтылады. Елдің заң шығарушы органының жұмысы негізсіз деп танылды.

"Мен де бір күн ішінде әдемі бола салғым келеді. Олардың демократиясын енгізу, барлығын... Ал салдары қандай болмақ? Сол Парламентте (Жоғарғы кеңес) біз айлап заң қабылдай алмадық. Жаңа жыл басталып кеткен, ал бюджетке қол қойылмаған. Толықтай демагогия. Ұлы философтардың бірінің Рим жайлы айтқаны бар, "біздің Республикамызды санасыз бір топ құртты" деген. Яғни барлығы сөйлеп жатты, ал ешкім іс жасамады. Міне, осыдан берекесіздік орнады, сондықтан біз бірте-бірте жұмыс атқарып келеміз. Мен бірінші экономика, содан кейін ғана саясат дедім. Ал егер барлық партия айғайлай беретін болса, ешкімді де сайлай алмаймыз. Парламентке осы 15 партияны сайлаймыз - олар ешқашан шешім шығармайды, ғасыр аяқталғанша өз араларында дауы бітпейді. Сонда Қазақстанның тағдыры не болмақ?", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Парламент жоқ кезде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың заңды күші бар 140 жарлыққа қол қойғаны айтылады.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында қазіргідей Жоғарғы Кеңестің құзыреті кең еді. Жоғарғы Кеңестің он екінші шақырымылының тарауы жергілікті билік органдары депутаттарының қызметінен босатылуынан басталған еді. Бірінен соң бірі республиканың аудандық және облыстық Кеңестері өз сессияларында қызметті босату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Жоғарғы Кеңестің 43 депутаты қызметтен кетіп, әріптестерін де осылай жасауға шақырды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының 11-ші сессиясының жұмысының соңына қарай жергілікті Кеңестердің төрттен бірі қызметтен кетті. Осы жағдайда халық таңдаулылары Парламент қабырғасында көпке созылған талқылаулардан кейін сайлау туралы Кодексті қабылдады, бұл республика Президентіне және жергілікті әкімшіліктерге қосымша құзыретті уақытша беру мен Жоғарғы Кеңестің құзырын тоқтату туралы заң болды. Республиканың жоғарғы уәкілетті органының соңғы екі заңнама актісін қабылдауы Конституцияға өзгеріс енгізумен пара-пар еді.

"Астанадағы ғимараттар кімнің ақшасына салынды?"

"Көбі қазір ұмытқан. Мәселен Сенат ғимараты арабтардың ақшасына салынды, бастапқылары. Ханзада 15 миллион доллар сыйлады. Ол бізге шағын кардиорталық сыйлады ғой. Үкімет ғимараты - бұл мұнай компанияларының консорциумы, олар келіп, мен олардан Астананы соғуымыз үшін 25 миллион доллар беруді сұрадым. Кувейттің ғимаратында қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі отыр. Олар әкімдікке қаражат берді. 15 миллион доллар берді - біз соған әкімдікті салдық. "Салтанат сарайы" - бұған Оман билеушісі 10 миллион доллар берді. Мен оны жетекшіге бердім - сөйтіп, "Салтанат сарайы" салынды. Осылайша түрік компаниялары да, қалғандары да бізге көмектесті. Мұның барлығы шамамен 300 миллион доллардан асады - мұның барлығы инвестиция болды", - деді Президент.

"Отанын сатып жатыр дегендер көп болған..."

Фильмде сол жылдары Қазақстанның батысында мұнай кен орындарын толықтай аяққа тұрғызу үшін тіпті КСРО-ның да технологиясы, мамандары, қаржысы да болмаған. Бірінші "ғасыр келсімшарты" америкалық "Шеврон" компаниясымен жасалған. Бұл компания ірі Теңгиз кен орнын ашты.

"Отанын сатып жатыр дейтіндер көп болды. Кәсіпорындарды саттық, оны да саттық, мұны да саттық. Мұның бәрі тек білместіктен айтылған сөз еді, бұлай дейтіндердің өзі ештеңе істей алмайды. Көтерілу үшін ақшаны қайдан алар едік? Шамамен 300 миллиард доллар тікелей инвестиция ретінде тартылды. Кредит емес. Яғни америкалық компаниялар келіп, біздің экономикамызға қаражат құйып, өндіре бастады. Біз бұл ақшаны өзімізге алмауымыз керек, сондықтан табысымызды "саған да, маған да" деп бөлістік. Осы инвестициялардың арқасында Қазақстан көтерілді. Олар бізге ақшасын ғана емес, технологиясын да алып келді. Бізде жерасты байлықтары көп қой. Ал бұл Қазақстанға не берер еді? Халыққа не береді? Шикізатты шығарып, сатып, ақша алу керек, сосын адамдарға беру керек. Мәселе осында. Адамдарға жұмысқа да ақша беру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Америкалықтар келіссөздерге келгенде өте сақ. Бірақ соған қарамастан, олар өз пайдасын көріп тұрды. "Шевронмен" келісімшарт жасасқанымызда, компаниялардың акциясы бірден өсіп, осы арқылы олар екі жарым миллиард доллар шамасында табыс көрді. Бірақ біз де өте қатаң шарт қойдық, бұл оңай болмады. Мұның барлығы әрдайым жоғары деңгейде өтті, барлық маңызды шартты Президент өзі өткізді, оған барлығы баяндалып отырды, - деді Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко "ғасыр келісімшарты" жайлы мән-жайды айта отырып.

Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы ірі металлургиялық комбинаттың жойылудан қалай аман қалғанын айтты. 90-жылдары 250 мың адам жұмыссыз қалған еді. Сол уақытта Президент Лакшми Митталмен келіссөздер жүргізген.

"Ол зауыт зеро - нөлде тұрғанын айтты. "Біз - "бұл қалай болғаны, Кеңес одағында салынған соңғы зауыт қой! Кеңестің ақшасы бойынша бір жарым миллиард рубль!" дестік. Сол уақытта үкіметтегілер олармен күні бойы әңгімелескенін, ал үшінші күні оның кетіп қалғанын айтты. Сосын мен оған телефон соғып: "Миттал мырза, қайтып келіңіз, маған келіңіз" дедім. Маған келді. Біз тілмәш арқылы екі-үш сағат бойы сөйлестік. Ол сосын мемлекетке 350 миллион доллар төлеп беруге келісім берді, комбинаттың барлық қарызын да өтеуге және кәсіпорынға бірнеше жыл ішінде миллиардтаған доллар инвестиция құюға уәде берді. Бір жыл өтпей жатып, зауыт жұмыс істеп кетті, барлық металлург өз цехтеріне оралып, қала өмір сүре бастады", - деп еске алды Мемлекет басшысы.

"Қазақстанда диктаторлық бар дейтіндер еліміз жайлы ештеңе де білмейді"

Нұрсұлтан Назарбаев "25KZ Новейшая история" фильмінің авторларына елдегі билік формасы жайлы көзқарасын айтып берді. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстанда диктаторлық бар дейтіндердің республика өмірі жайлы ештеңе де білмейді деп мәлімдеді.

"Иә, бізде президенттік басқару. Конституцияда басқарудың президенттік үлгісі екені жазылған. Француздың президенттік билігі қатаңдау. Ал бізде осындай. Оны түрліше атайды, тіпті диктаторлыққа немесе актократиялыққа жақын дейді. Бұл далбаса сөз, бұлай дейтіндер біздегі жағдайды білмейтіндер, біздің өміріміз жайлы білмейді, жалпы ештеңе білмейді, газет оқымайды. Сондықтан біздің қазіргі билік қалыпты. Басқа жағдайлар келеді, басқа кезеңге өтеміз, басқа міндеттерді орындау керек болады, сол кезде халық басқасын таңдайды, сонда халықпен бірге қандай болатынымызды шешеміз", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Еске салайық, "Хабар" телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "25KZ Новейшая история" деректі фильмі көрсетілді. КТК телеарнасының бұрынғы журналисі Ярослав Красиенко түсірген лентада Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері мен сұхбаттары бар. Үзінділердің ішінде елдің саяси қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасу жолы жайлы естеліктері айтылады. Мәселен, 1999 жылы Президент сайлауынан кейін Назарбаев кейбір БАҚ-тың жұмысын сынаған еді. Мемлекет басшысының пікірінше, газеттермен телеарналар халықты дүрліктіретін хабар таратумен айналысқан.

"Кейбір газеттеріміз бен телеарналарымыз Қазақстан Конституциясының заңынан боспыз деп есептеген. Ашығына келгенде мемлекеттілікке қарсы, халықтың бірлігіне қарсы жұмыс істейді. Түсінесіздер ме, халықты дүрліктіріп, тек жамандықты хабарлаумен болды, "өлім жатырмыз, жойылып барамыз, болашағымыз жоқ" дегенге де барды. Ал халық болашақ жоқ деп, қазақтардың, Қазақстанның болашағы жоқ деп есептей бастады! Ертең де демократияға ұарсы, қысым көрсетіп жатыр дейтіндер болса, айта берсін. Мен мемлекет құрамын, себебі мені халық осы үшін таңдады", - деп әңгімеледі Қазақстан Президенті.

https://www.youtube.com/watch?v=2f10dPQ33kM

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom