Жамбыл облысында мүлікті заңдастыру үшін 49769,9 млн теңгеге 9976 өтініштер түскен

Аймақ
13.12.2016, 23:31

Мүлікті жария ету фактісі, қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс шеңберінде және тәртіптік теріс қылықта осы баптың 1-тармағында көрсетілген құқық бұзушылықты жасауда жария ету субъектісінің кінәлі екендігіне дәлелдемелер ретінде пайдаланыла алмайды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Сарсенбаева Рәзия Айтжанқызы түсіндірді.

Рәзия Айтжанқызының баяндауынша, мүлікті жария ету субъектілері құқық қорғау органдарының және де басқада мемлекеттік органдарының заңсыз әрекеттерінен сақтандырылған. Жария етілген мүлік тәркіленуге жатпайды.

Осы Заңда көзделген кепілдіктер тек жария етілген мүлік шегінде ғана ұсынылады және жария ету субъектісі және (немесе) басқа тұлға 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін жасаған әрекеттерге қолданылады.

Мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттардағы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып танылады. Қазақстан Республикасынын Қылмыстық кодексінің 223 бабымен мүлікті жария ету рәсімін өткізуге байланысты ақпаратты таратқаныүшін қылмыстық жаза қарастырылған.

Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлікті жария ету үшін жергілікті атқарушы органдары жанындағы комиссияларға жылжымайтын мүлікті заңдастыру үшін 49769,9 млн теңгеге 9976 өтініштер түскен, оның ішінде:

- 8563 тұрғын жай объектілері бойынша  33016,4 млн теңгеге;

- 1 413  тұрғын жай емес объектілері бойынша 16753,5 млн теңгеге.

Бүгінгі күнге барлығы 44357,9 млн. теңгеге 9093  нысан жария етілді, оның ішінде:

- 7872 тұрғын жай объектілері 30152,5  млн теңгеге;

- 1 221 тұрғын жай емес объектілері 14205,3 млн теңгеге.

Есепті күнге Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында барлығы 143 арнайы декларация 12993,1 млн теңгеге қабылданды, оның ішінде 12974,7 млн.теңгеге ақшаны жария ету туралы - 139 декларация қабылданып, барлығы жарияланды.

Ал, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету үшін 18,4 млн.теңгеге 4 арнайы декларация қабылданып, жарияланды.

Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан жылжымайтын мүліктерді жария етуге өтініштер түскен жоқ.

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары насихаттау жұмыстарын жүргізуде, - деп сөзін аяқтады Р.Сарсенбаева.

Сұхбат

PhotoRoom