Таразда «Ұлы Дала өрнектері» атты көрме ашылды

Аймақ
13.12.2016, 23:40

20161213145341Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Ұлы Дала өрнектері» атты шығармашылық жұмыстардың көрмесі ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған көрмеге аталған оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттерінің картиналары мен қолөнер бұйымдары қойылған.   Көрменің негізгі мақсаты  - көпшіліктің бейнелеу өнеріне көркем құндылық тұрғысындағы көзқарасын қалыптастыру және суретшілер арасында тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, жергілікті қылқалам шеберлерін қолдау және20161213145336 кәсіби бейнелеу өнерін насихаттау, тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ жас ұрпақтарын көркем білім негіздері мен кәсіби бағыттағы шығармашылық өнер түрлерімен таныстыра отырып, жас тұлғаның бойына мәдени көркем құндылықтарды сіңіру және көркем эстетикалық тәрбие беру болып табылады.   «Биылғы жылы еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуде. Бұл айшықты кезең біздің сара жол таңдап, берекенің белесіне беттегенімізді дәлелдеп берді. Әрбір азаматын баласындай бауырына басқан ыстық Отанымыздың гүлденуіне жол ашты. Халқымыздың атын әлемге әйгілеп, мәртебесін өсірді. Халқымызда «өткенін ұмытқан өшкендіктің белгісі, өткенін еске алған өскендіктің белгісі» деген қанатты сөз бар. Міне, бұл тұрғыда осы тақылеттес шаралардың маңызы зор екендігі бесенеден белгілі», -  дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.   Көрмеде бейнелеу өнерінің натюрморт, пейзаж, портрет сынды жанрларында салынған 50-ден астам жұмыс қойылған. Өнер туындыларында авторлардың жүрек жылуы мен өнерге деген махаббаты, егемендік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері кеңінен орын алған. Атап айтқанда, Қ.Нұрбайқызының «Айша бибі», С.Тынысбаеваның «Қазақ хандығына 550 жыл», А.Аманжолдың «Шебер қолы», А.Нейфельдтің «Бала бесік», А.Жанқожаеваның «Караван» және М.Алжановтың «Халық өнер тамыры» атты картиналары тарихтың терең қойнауынан сыр шертеді. Ал, Ж.Тұрмаханованың «Бәйтерек тарихы», Ш.Жұмалиеваның «Астана жолы», Г.Нұрпаштың «Ертегі әлемі», Ж.Қилыбаеваның «Көктем көңілі», А.Фиешканың «Нежность» тақырыбындағы өнер туындыларында егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстары көркем бейнеленген.   Көрменің ашылу рәсімінің соңы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерінен құралған «Томирис» би тобының концерттік бағдарламасына ұласты. Көрмеге қойылған өнер туындылары екі апта бойы Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.

Сұхбат

PhotoRoom