Тәуелсіздік күні №78 автобус жолаушыларды тегін тасымалдайды

Аймақ
15.12.2016, 21:22

??? ???

16 желтоқсанда Шымкент қала билігі тарапынан аталған көлік компаниясы №78 автобус бағытында қала тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдауға демеушылық акциясын өткізеді.

Сонымен қатар, "Южавтотранс" қоғамдық көлік компаниясы қаладағы барлық зейнеткерлерге жеңілдік жасап, осы күні көлікте тегін қатынауына қолайлылық тудырып отыр. Бұл бастаманы аталған компания басшылығы зейнеткерлерге мерекелік тарту ретінде ұйымдастырған.

Атап айтар болсақ, №78 автобус бағыты келесі қозғалыс сызбасымен жолаушылар тасымалдау қызметін атқарады: "Гимнастика мектебі" "АДЦ" аялдамаларынан-Астана даңғылы, С.Байтереков, Т.Назарбеков, Бәйдібек даңғылы, Т.Рысқұлов, Жібек жолы, Тәшенов көшелері, Тәуке хан, Республика даңғылы, Асқаров, Темірлан тас жолы көшелері арқылы "Бекжан базары" аялдамасына дейін және кері қарай қатынайды.

Осы күні қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік жолаушы тасымалдаумен айналысады.

Сұхбат

PhotoRoom