Берлиндегі төртжақты кездесу

Жаңалықтар
18.08.2014, 10:04

Берлинде Германия, Франция, Украина және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлері кездесіп, Украинадағы дағдарыс мәселелерін талқылады. Сарапшылардың пікіріне қарағанда бәлендей жетістіктерге жеткізетіндей кездесу болмаған. "Бес сағаттық өте ауыр келіссөз. Дағдарыстан серпілу үшін мұндай бес сағаттық кездесулерді көбірек өткізу керек шығар" деп жазды Украина СІМ Павел Климкин твиттердегі парақшасына.

Климкин және оның әріптестері Сергей Лавров, Лоран Фабиустар Берлиндегі "Борзиг" вилласынан шыққаннан кейін жиналған журналистерге бұрылмастан кете барды.

Ақпарат құралдары өкілдерінің алдына Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер шықты. Ол бұл кездесуді "қиын кезеңде ұйымдастырылуы аса қажет жүздесу" деп атап, қатысушылар белгілі бір деңгейде прогреске қол жеткізгенін атап өтті.

"Біз бұл кездесу туралы мемлекет және үкімет басшыларымызға баяндайтын боламыз. Сейсенбі күні осы кездесуіміздің жалғасы туралы тағы да ақылдасамыз. Біздің басты мақсатымыз - Украинадағы қарулы қақтығысты, қантөгісті тоқтату", - деді Штайнмайер.

 

Сұхбат

PhotoRoom