Жамбылда «Жаңа Есім - 2016» Гала концерті өтті

Аймақ
16.12.2016, 00:11

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жаңа Есім - 2016» Гала концерті өтті. Бұл туралы Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Концерте Сарысу ауданының халықтық атағы бар «Айжанқыз» би ұжымының «Тәуелсіздік тұғыры» композициялық биімен ашылды.

Гала-концерттің ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталыгының директоры Ғ.Садырбаев құттықтау сөз сөйледі.Облыс әкімдігінің қолдауымен өткен түрлі облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жобалар аясындағы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай өткен «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты республикалық әнші-термешілер байқауынан үздік 12 терме, Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» әншілер конкурсының үздік әндері және «Жаңа Есім-2016»  Гала концертінде орындалатын әндері енген СD дискілердің тұсауын Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев кесті.

Бұл Гала- концерттің ерекшелігі облыстық кастингтен өткен «Жаңа Есім - 2016» иегерлері Ғ.Бірімқұл (Шу ауданы), Н.Қойшыманов (Байзақ ауданы),

Т. Сейілғазы (Жамбыл ауданы), Ж.Сәрсенбаева (Жамбыл ауданы), Сүндет Әсел (Жамбыл ауданы), А.Ибрагимова (Жамбыл ауданы), Ә.Тұраров (Тараз қаласы),тәлімгерлері болған Жамбыл облысы филармонияның белгілі әншілермен: Назима Үсенова, Маралбек Бабақұлов, Оңал Азаматова, Жақсылық Ажмұхановтар мен бірге жұп болып ән шырқады, арнайы «Жаңа Есім 2016» дипломымен номинанты белгісімен марапаттады:

Ғ.Бірімқұл (Шу ауданы)- Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры  Ғани Кадирсизұлы Садырбаев

Т. Сейілғазы (Жамбыл ауданы)- Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қазақстанның Мәдениет қайраткері, композитор Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев

Ж.Сәрсенбаева (Жамбыл ауданы)- Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Мүбарақ Қасымқызы Жинақбаева

А.Ибрагимова (Жамбыл ауданы)- Қазақстан Республикасының үздік компазиторы Тараз тарланы сыйлығының иегері Әуезхан Салабеков

Ә.Тұраров (Тараз қаласы)- Жамбыл облыстық филармониясының директорының орынбасары Сайлау Ермекбайұлы Лесбаев

Н.Қойшыманов (Байзақ ауданы)- Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Лесбек Амалов

Сүндет Әсел (Жамбыл ауданы)- Жамбыл облысы әкімдігі жастар ресурстық орталығы мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Байғараұлы Шайхиев

Әр әнге бимен коркемдеген мың бұралған бишілер халықтық «Вояж» шоу балеті, халықтық «Айжанқыз» би ұжымы билерімен көрерменді тәнті етті.

Жобаға арнайы «Жаңа есім» гимінің жазған және жеңімпаздар орындаған жаңа әндердің авторлары қонақ ретінде шақырылып, халық қошеметіне бөленді.

Гала-концерт соңында  «Жаңа Есім» гимнін барлық «Жаңа есімдер мен олардың тәлімгерлері барлық қатысушылармен бірге шырқады.

Сұхбат

PhotoRoom