Сарыағашта 30 мың шақырым жол жөндеуден өтті

Жаңалықтар
16.12.2016, 14:39

%d0%b6%d0%be%d0%bb1Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын сарыағаштықтар ерекше қуанышпен қарсы алды.  Атап айтсақ, «Самал» мөлтек ауданында көше құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары С. Тасқұлов құрылысты мезгілінде аяқтаған мердігер компанияға алғысын білдірді. Кезең-кезеңімен жүргізілген құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 2 млрд 53 млн теңге бөлінгенін де айта кеткен жөн. Нәтижесінде Сарыағаш ауданында жалпы ұзындығы 30 мың 823 шақырымдық магистральді жолдар мен ішкі көшелер жөндеуден өткен.

Сондай-ақ осы күні Сарыағаш ауданы Жаңаталап елдімекенінде 75 орындық мәдениет үйі ел игілігіне тапсырылды. Мәдени ошақтың құрылысына облыстық бюджеттен 55 млн 80 мың теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын «Құрылыс –сервис СК» мердігер компаниясы жүргізіпті.

Мерекеге тарту болған мәдениет нысаны құрал-жабдық, компьютер, жиһаздармен толық қамтамасыз%d0%bc%d0%b0%d0%b4-%d1%83%d0%b95 етілген. Мәдениет үйінің жанында заман талабына сай жабдықталған кітапханасы, оқу залы, жоғары жылдамдықта істейтін интернет, телефон байланыстары бар.

Сарыағаш қаласындағы күрделі жөндеуден кейін  жаңаша кейіпке енген  «Жеңіс» саябағы да мереке қарсаңында ел игілігіне тапсырылды. Ашылу салтанатында сөз алған Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қ. Қыстаубаев қала тұрғындарын мерейлі меркемен құттықтап, қаланы көркейту жұмыстары алдағы жылдары да жалғасатынын жеткізді.

  Саябақтағы қайта құрылымдау жұмыстарына аудан бюджетінен 78 млн 340 мың теңге жұмсалған. Құрылысы 2015 жылдың қазан айында басталған нысанның мердігері «АДТ сервис» ЖШС-гі.  

Сұхбат

PhotoRoom