Таразда балалар үйінің саны азайған

Аймақ
16.12.2016, 23:17

911a8740170836507fd4d948265267b7_lЖамбыл облысында 25 жылда балалар үйінің саны үш есеге азайған. Қазір өңірде бір ғана балалар үйі бар. Онда 150-ге жуық бала тәрбие алып жатыр. Дәл осы мекемеден 300-ден астам түлек ұшып шықты. Солардың бірқатары Тәуелсіздік құрдастары. Олар Қазақстанмен бірге өсіп, қазір азат елдің азаматына айналды. Бүгінде өрендер түрлі салада еңбек етіп жүр. Мереке қарсаңында сол жастар түлеп ұшқан жанұяларына келіп, тәрбиеленушілермен кездесті. Өз ақыл, кеңестерін айтып, білім алуға шақырды. Айта кеткен жөн, балалар үйінің түлектері мемлекет қолдауымен 100% жоғары және арнайы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Айжан Мейірханова, Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің директоры: - Біздің халқымыздың көзқарасы деген өте дұрыс жолға түсіп, бұрынғымен салыстырғанда қалдырып кететін. Қазір ондай мәселе жоқ. Бұрынғы жылдары 200-ден аса бала болатын. Қазір бізде 100 баладан сәл асып отырмыз. Сондықтан ол да жақсы.

Сұхбат

PhotoRoom