Жамбылда бірқатар азаматтар мерейтойлық медальмен марапатталды

Аймақ
15.12.2016, 21:08

Жамбыл облысының өсіп-өркендеуіне ат салысып жүрген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Марапаттау рәсімінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Жамбыл жерінің 25-жылда жеткен жетістіктері жөнінде айтты. Ширек ғасырда өңірімізде 3 млн. шаршы метр тұрғын-үй салынды. 132 білім беру, 162 денсаулық сақтау нысаны салынып, 158 елді мекен газдандырылды. Жолдар жөнделді, ауылдарға ауысу тартылды. Осының барлығы да тәуелсіздіктің арқасы, деп мәлім етті облыс әкімі.

Жиында өңіріміздің дамуына ат салысып, қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медальдары табысталды. Сондай-ақ мереке қарсаңында 16 адам Жамбыл облысының құрметті азаматы атағын алды. Олардың ішінде Социолистік Еңбек ері Мәрзия Ибрагимова, еңбек ардагерлері Әбдірахман Мамашев, Халид Базаралиев, Қасымхан Төлендиев, Төлеухан Оспанбеков, Нілзия Рақышева сынды азаматтар бар.

Сұхбат

PhotoRoom