Тараз қаласында 6723 метр құрайтын жылу желілерінің құбырлары ауыстырылды

Аймақ
14.12.2016, 21:15

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тараз қаласының әкімі Н.Календеров мәлімдеді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің қаламызда бірқатар ел игілігін көздеген серпінді жобалар нақты іске асырылды. 3 нысан бойынша-6723 метр құрайтын жылу желілерінің құбырларын ауыстырылды. Жамбыл даңғылы, Рахимов, Жұбанышев көшелерінің бойымен М-5, Б.Момышұлы, Сейфуллин көшелерінің бойымен М-8 және Сүлейменов көшесі бойындағы ТК-225 ішкі кварталдық жылу жүйелері, Қойгелді көшесінен К-11 дейін жылу магистральдарын қайта жаңғырту жобалары бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. «Көктем» тұрғын алқабына газ жүргізу, Песчанная, Октябрьская көшелеріндегі су құбырын қайта жаңғырту, «Бурыл-А,Б,В» алқабының су құбыры желілерін салу, ҚР-сы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай монумент құрылысын салып, қосалқы аумағын абаттандыру, Төле би даңғылының сыртқы жарықтандыру желілерін қайта жаңғырту, Төле би даңғылы «Керімбай» орта мектебінің маңында жер үсті жүргіншілер көпірінің құрылысын салынып, нысан қолданысқа берілді.

Тәуелсіздік жылдары бір ғана облыс орталығында үш мөлтек аудан соғылып (Астана, Бәйтерек, Арай), 11 мектеп, 56 мектепке дейінгі мекеме, екі мектептен тыс балалар шығармашылығы орталығы, алты денсаулық нысаны, бір мәдениет және алты спорт кешені пайдалануға берілді, - деп сөзін түйіндеді Нұржан Сәбитұлы.

Сұхбат

PhotoRoom