Тараздық 22766 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді

Аймақ
14.12.2016, 20:16

Жалпы алғанда 2016 жылы әлеуметтік салаға 22 млрд. 395,6 млн. теңге немесе қала бюджетінің 68,7 пайызы жоспарланған. Оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына 1 млрд. 624,7 млн. теңге қарастырылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тараз қаласының әкімі Нұржан Сәбитұлы айтты.

Есепті кезеңде 300,3 млн. теңгеге 22766 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 12,9 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 147,6 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі, 139,8 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы. «Өрлеу» бағдарламасы аясында 74 отбасының 458 адамына 23,4 млн. теңге шартты ақшалай көмек төленді.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жалпы 1 млрд. 190,1 млн. теңге бөлініп, 1200 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, есепті кезенде 875 адам қамтылды, - деп айтты Н.Календеров.

Сұхбат

PhotoRoom