Жуалыда "Жуалы ауданының құрметті азаматтары" атты аллея ашылды

Аймақ
14.12.2016, 21:30

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауданда «Жуалы ауданының құрметті азаматтары» аллеясы ашылды. Бұл туралы Жуалы ауданының ішкі саясаты басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл аллея аудан әкімі Б. Көпбосыновтың тікелей бастамасымен қолға алынған. Екі-үш айдың көлемінде демеушілердің қолдауымен тұрғызылған кешен Б. Момышұлы ауылына кіре берістегі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойындағы көрікті орында орналасқан. Аталған аллеяда орналасқан тақтайшаға 1992 жылдан бастап «Ауданның құрметті азаматы» атағын алған 143 азаматтың есімдері мәрмәр тақтаға қашалып жазылған. Аллеяның ашылу салтанатында сөз алған Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Солтыбаев, Жуалы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Мұратай аталған игі істің болашақ ұрпаққа берер тәрбиесінің орасан зор екенін баса айтты. Аллеяны аудан әкімі Б. Көпбосынов, обылстың, ауданның ардагерлер кеңесінің төрағалары Е. Солтыбаев пен Ж.Мұратай салтанатты жағдайда ашты.

Сұхбат

PhotoRoom