Жамбыл облысында "Менің ағашым бірге өседі" атты игі шара ұйымдастырылды

Аймақ
14.12.2016, 18:32

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйтқы болуымен "Менің ағашым бірге өседі” тал егу шарасы өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту, саламатты өмір салтын насихаттау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу мақсатында 25 жастағы 25 жас адамдар «Тараз» қонақ үйі аумағындағы саябаққа 25 боз арша талын екті.

Іс-шараға облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының қызметкерлері мен тәуелісіздік құрдастары қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom