Тәуелсіздік құрдастары 25 арша көшетін екті

Аймақ
13.12.2016, 22:22

20161109195914Ел егемендігінің 25 жылдығына орай тағы да игі іс-шара. Тәуелсіздікпен құрдас 25 жас таңмен таласып, Тараз қаласының орталық көшелерінің бірінде тал-дарақтар отырғызды. Ал бұл әрине табиғаттың көркеюіне өзіндік үлесін қосып қана қоймай, ширек ғасырлық мерейтойдан келешекке ерекше естелік болады.

Осылайша экологиялық шараның мән-маңызын өз істерімен арттыруға үлес қосып жатқан жамбылдықтар  қызу іске кірісті. Ел тарихындағы Тәуелсіздік атты айтулы мерекені ұлықтауға бағытталған іс-шара жоспарына сай бүгін «Тәуелсіздік құрдастарының» ағаш көшеттерін отырғызу акциясы аясында 25 боз арша егілді. Әсемдік үшін отырғызылатын талдар болашақта Жамбыл даңғылының бойындағы «Шаңырақ» отбасы аллеясының көркін кіргізіп, ауасын тазартуға септігін тигізеді. Мұнда жиылған жастар туған өлкенің гүлденуіне құрбы-құрдастарымен қатар қолтаңбасын қалдырғаны үшін естелік сый-сияпат табыс етілді. Тиісті сала мамандарының айтуынша, акция өз кезегінде - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу.

Серік Қойбақов, Жамбыл облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының басшысы

Оның бәрі жас табиғатты аялау мәселесі, екіншіден патриоттық рухта тәрбиелеу. Келешекте осы егілген тал-дарақтарды күту жұмыстары жүргізілетін болады

Сұхбат

PhotoRoom