Таразда 10 анаға жаңа туған нәрестелердің туу туралы куәлігі салтанатты түрде табысталды

Аймақ
09.12.2016, 23:00

20151215170909Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қалалық перенаталдық орталықтағы ата-аналар үшін естен кетпес сәт. Яғни, мереке қарсаңында орталықта 10 жаңа туған нәрестеге туу туралы куәлік құжаты салтанатты түрде табыс етілді.

Баланың туу туралы куәлігін рәсімдеу бұл ата-аналар үшін өте маңызды. Ал, Әділет департаменті мен Тараз қалалық әкімдігі бірлесе ұйымдастырған құжат табыстау күні бүгін осында жаңа босанған аналар үшін өте ерекше өтті. Өйткені, жас аналарға мұнда АХАЖ бөлімінің мамандары және дәрігерлер осынау маңызды күнмен құттықтап, салтанатты түрде туу туралы куәліктерді табыстады.

Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталығынан құжаттарды рәсімдеу жұмыстары азаматтар үшін барынша жеңілдетілген. Ал, мамандардың перзентханада көрсететін қызметінің енгізілгеніне 6 ай болды. Мұнда жылдам әрі уақытысында қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін кабинеттер бөлініп, арнайы мамандар да қарастырылған. Тек аналардың қолында жеке куәлігі болса, екі күннің күннің ішінде баланың туу туралы куәлігін ала алады.

Сонымен қатар мұнда азаматтар өз балаларын балабақша кезегіне тіркеп, жәрдемақыға да құжаттарды рәсімдей алады. Айта кетсек, аталмыш акция аясында дәл осындай салтанатты түрде 25 нарестеге куәлік беріледі деп жоспарлануда.

Сұхбат

PhotoRoom