Облыстық фермерлер одағының кезекті жиыны өтті

Аймақ
07.12.2016, 23:08

Бүгін Қазақстан Республикасы фермерлер одағының Жамбыл облыстық филиалы 1- жылда атқарған жұмыстарын қортындылап, облыс шаруаларымен кездесті. Жиынға республикалық фермерлер одағы төрғасының орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары мен бірқатар шаруақожалық жетекшілері қатысты.

Кездесуге келгендер арасында Жамбыл облыстық фермерлер одағының барлық аудандағы өкілдері бар. Фермерлердің жыл басында өткізген жиынында шаруалар тарапынан гектарына берілетін субсидияны қайта қалпына келтіру, жанар-жағармайдың бағасын арзандату, ауылшаруашылығы техникасын жаңартуға ықпал жасау секілді мәселелер көтерілген еді. Бүгінде бұл жұмыстардың бірқатар өз шешімін тауып отыр. Облыстық фермерлер одағы 600- мүшесі бар үлкен ұйымға айналды. Негізгі мақсаты, фермерлердің заңды құқын қорғау.

Жиынға қатысқан Қазақстан фермерлер одағы төрағасының орынбасары Сатыбалды Жұмағатов біз заң шығарушы немесе қаржы бөлуге тікелей мүмкіндігі бар мекеме емеспіз, бірақ осылай жер-жердегі шаруалармен кездесу арқылы олардың көкейлерінде жүрген сауалдарын тыңдап, тиісті министірліктерге, үкіметке жеткізуге ықпал жасаймыз деді.

Кездесуде облыстың ауылшаруашылығы саласында биылғы жылы қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы да сөз болды. Әсіресе, қант қызылшасын өсірушілер үшін баға мөлшері артып, оған берілетін субсидия көлемі ұлғайды, қант еккен шаруалар биыл мол өнімге қол жеткізді деді облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев. Ал, Астанадан келген қонақ шаруалар көтерген барлық сұрақтар арнайы хаттамаға енгізіліп, тиісті тұлғаларға жеткізілетіндігін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom