«Тәуелсіздікке 25 жыл» автокеруені Жамбыл облысының аудандарын араламақ

Аймақ
28.11.2016, 23:16

20161128190458Автокеруен 2016 жылдың 28 қарашасында сағат 9.00-де Тараз қаласы, орталық «Достық» алаңынан салтанатты жағдайда 3 бағытта жөнелтіледі: 1 бағыт - Жуалы, Жамбыл, Талас, Сарысу аудандарын, 2-бағыт - Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарын, 3-бағыт - Шу, Мойынқұм аудандарының 40-қа жуық елді мекенін қамтиды, деп хабарлайды жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. «Тәуелсіздікке 25 жыл!» атты ақпараттық автокеруеннің мақсаты - еліміздің және облыстың Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп өркендеуі, атқарылып жатқан жұмыстарды шалғай елді мекен тұрғындарына жеткізу,20161128190446 тұрғындарды тегін медициналық тексеруден өткізіп, оларға арзандатылған бағамен ауыл шаруашылығы тауарларын ұсыну, мерекелік концерттік бағдарламалар қойып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болып табылады.   Ақпараттық автокеруеннің құрамында: облыс әкімдігі басқармаларының қызметкерлері, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, дәрігерлер мен мәдениет саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 60 адам бар. Тұрғындарға жалпы көлемі 115 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілетін болады. Оның ішінде: 30 тонна картоп, 20 тонна пияз, 20 тонна қант, 30 тонна ұн, 4 тонна қарақұмық, 6 тонна 5 литрлік және 1 литрлік өсімдік майлары бар.

Сұхбат

PhotoRoom