Жамбылдық "Айша бибі" су добы тобы чемпионаттан жүлделі оралды

Аймақ
07.12.2016, 00:00

2016 жылдың 12-25 қараша аралығында Токио (Жапония) қаласында су добы, трамплиннен секіру, классикалық және синхронды жүзуден Азия чемпионаты өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жарысқа Азияның 7 мемлекетінен барлығы 700 спортшы қатысты.

Су добынан Қазақстан Ұлттық құрама командасының 100% құрайтын Жамбыл облысының «Айша бибі» су добы» клубы қатысып ІІІ-орын иеленді.

Акилбаева Айжан, Миршина Анастасия жарыстың үздік спортшысы атанды.

Облыстың аға жаттықтырушысы Алан Борисович Балфанбаев.

Сұхбат

PhotoRoom