Жамбыл облысында ширек ғасырда 21 онкологиялық кабинет ашылған

Аймақ
01.12.2016, 00:48

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Нұржанов Абай Кұралбекұлының қатысуымен брифинг өтті. Жиын барысында бас дәрігер Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінің ширек ғасырда атқарған жұмыстарын баяндады.

Облыстық онкологиялық диспансері бас дәрігерінің мәлімдеуінше, 1991 жылдың басында Жамбыл облыстық онкологиялық диспансер жалпы көлемі 3441,16м2 құрайтын, 170 төсектік, 3 ғимаратта орналасқан. Оның 4 бөлімшесі болды, олар: жалпы онкология - 40 төсек; обдоминальды онкология - 40 төсек; радиогинекология - 50 төсек; дәрілік терапия бөлімі - 40 төсек. 1 ауысымда 50 келушіге арналған - диспансерлік бөлім.

Облыстық онкологиялық диспансер облыстың 1 млн 37 мың адамына қызмет көрсетеді (310,9 мың қала тұрғындары).

Бүгінде онкодиспансер көлемі 7901,2 м2  құрайтын 3 ғимаратта орналасқан. Қазіргі уақытта облыстың 1 млн 115 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. 145 төсектік диспансерде келесі бөлімшелер бар: онкохирургия - 40 төсек, радиология - 20 төсек, химиятерапия - 50 төсек, күндізгі стационар - 35 төсек және ауысымына 50 келушіге арналған диспансерлік бөлім.

1991 жылы Жамбыл облысында 14 онкологиялық кабинет жұмыс істеді, олардың 10-ы орталық аудандық ауруханада, 1-уі орталық аудандық ауруханасының филиалында, 3-уі Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында. Ал бүгінгі таңда облыс бойынша 21 онкологиялық, 22 маммологиялық және 40 қарау кабинеттері ашылған. Диспансерлік бөлімге келушілер 31,2%-ға дейін азайды, егер 1991 жылы 42 690 келуші болса, олардың - 24173 (56,6%) қала, 18517 (43,4%) ауыл тұрғындары. Ал 2015 жылы 29 372 келуші, олардың 20364 (69,3%) қалалық, 9008 (30,7%) ауылдықтар.

2015 жылы үйде дәрігерге қаралған - 430 науқас болса, 1991 жылы - 536, 2015 жылы амбулаторлы оталар - 408, 1991 жылы - 579. 2015 жылы тегін қор бойынша амбулаторлы деңгейде - 148 670 591,20 теңге, 1991 жылы 30 131 рубль жұмсалған. Сондай-ақ, 2015 жылы 650 науқасқа амбулаторлы химиятерапия жасалса, 1991 жылы - 513 науқас амбулаторлы жағдайда химиятерапия емін алған.

25 жылда қатерлі ісікке шалдыққандар саны 13,6% өскен, 1991 жылы - 4906-дан, 2015 жылы - 5672 дейін.

2015 жылы I - II ерте сатыдағы науқастардың үлес салмағы - 854 (55,6%), 1991 жылдың осы кезеңінде - 489 (34,1%) құрады. Ерте анықтаудың үлес салмағы 63,0% құрады.

2015 жылы қатерлі жаңа өсінділерден болған өлімнің абсолютті саны 100 мың тұрғынға шаққанда 971, 1991 жылы - 1001.

Қатерлі ісікпен ауыратын 5 жылдан аса өмір сүретін  науқастардың үлес салмағы 2015 жылы - 2780 (49%), 1991 жылдың осы кезеңінде 2209 (45,0%) құрады, - деп мәлімдеме жасаған Абай Кұралбекұлы брифинг соңында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сұхбат

PhotoRoom