Жамбыл облысында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Аймақ
01.12.2016, 00:52

30 қараша күні облыстық қазақ драма театрында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған.

Конференция жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, көрнекі ғалымдар, эксперттер, саяси партиялар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Іс-шара мемлекеттің қалыптасу барысындағы, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың табысты жүзеге асырылуындағы, бейбітшілік пен келісімнің, елдегі қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіндегі ҚР Тұңғыш Президентінің ролін, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың саясаты мен идеялары төңірегінде қоғамның бірігуін талқылау мақсатында ұйымдастырылған.

Конференция барысында жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы ҚР Тұңғыш Президентінің рөлі, әлемдік қоғамдастықта ел беделінің нығайуы, азаматтық қоғам институттарының дамуы жайында сөз қозғалды. ҚР Тұңғыш Президентінің қызметі және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атымен тығыз байланысты, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін баяндайтын деректі фильм көрсетілді.

Сұхбат

PhotoRoom