Жамбылда сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған адамға 212 мың теңге сыйақы беріледі

Аймақ
30.11.2016, 01:10

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ішкі қауіпсіздік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғани Төреханұлы Дәулетбаев мәлімдеді.

Оның сөзіне сүйенсек, 2016 жылдың 30 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша ДНБПК-мен бірлесе жүргізген жасырын-тергеу іс-шарасында Письменная Е.А.-дан 100 000 тенге сомасында пара алғаннан кейін Тараз қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері әшкереленді. ҚР ҚҚ 366 бабының 2 тармағымен көзделген - пара алу қылмыстық құқық бұзушылық белгісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс Жамбыл облысы бойынша ДНБПК-мен теркеліп, Тараз қ. МКБ қызметкерін қамауға алу шаралары қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына шешілмес бұрын әркім оның қиын зардабын түсіну керек деп ойлаймын. Пара беру мен алғаны үшін ҚР қылмыстық заңнамасымен қатар пара сомасынан 20 - дан 80 - дейін еселі айыппұл төлеу жоғарғы жазалау шаралары 15 жылға бас бостандығынан айырылу мүлкін тәркілеу және белгілі бір қызметінен айыру немесе белгілі бір қызметтпен айналысу құқығынан айыру.

Қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы заңнамасына жаңа ережелерімен толықтырылған, жемқорлықты алдын алу бойынша шаралар қарастырылған, оның ішінде жемқорлыққа қарама-қарсы келу саналылық танытқанға материалдық көтермелеу шаралар қолданылған.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» заңы күшіне енді. Енді тұлға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға 212 000 теңге дейін ақшалай сыйақы алады, - деп мәлімдеді басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғани Төреханұлы.

Сұхбат

PhotoRoom