Жамбылдық спортшылар Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды

Аймақ
30.11.2016, 01:15

1480503078_f2lcvwlmd3g-1Контенентальдық турнир екі жылда 1 рет өткізіледі. Биылғы Азия Біріншілігінде 700 спортшы қатысты. Токиода жүлделер төрт спорт түрі: су добы, трамплиннен секіру, классикалық және синхронды жүзу бойынша ойналды. Бұл туралы Жамбыл облысы Айша-Бибі спорт мектебінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының әйелдер арасындағы су добы құрама команда құрамы Тараз қаласының «Айша биби » су добы клубы спортшыларынан тұрады. Осы құрам толығымен Ресей Чемпионаттары мен Біріншілігтеріне де қатысады. Ресей Чемпионатында  тоғыз матчта біздің «Айша биби» командасы тоғыз ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орында.

"Қазақстан құрамасы Токиодағы Азия Чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізуге үміттенуде. ҚР құрамасының жаттықтырушылары спортшылардың болашақта оң нәтижелі ойын көрсетуі үшін еңбектенуде. Біздің құрама команда арасында болашақта зор үміт күтетін жас (2000 ж.) спортшы қыздардың саны артуда. Біздің басты мақсатымыз ол - Токиода өтетін  Олимпиада – 2020 іріктеу турына Әлемдік ойын алаңында күресуге дайын споршылар дайындау, - деп  әйелдер арасындағы су добынын бас жаттықтырушысы Балфанбаев Алан Борисович сұхбат берген еді.

Бірінші ойын күні  біздің құрама Чемпионат аутсайдері Гонк – Конг құрамасын сенімді ойын көрсету барысында 22 – 1 ұпаймен жеңіп шықты.

Екінші ойын  күні де  біздің құрама сенімді сенімді ойының жалғастырып Тайланд құрамасын 19-5 ұпаймен жеңді.

Үшінші күні  біздің қыздар Чемпионат көшбасшысылары, Рио -2016 Олимпиада Ойындарыны қатысқан Қытай құрамасымен ойнады. Табан тірескен қажырлы күрес барысында біздің құрама 1 ұпапйға кем түсіп, 8-7 ұпаймен  Қытай құрамасына жеңіліп қалды. Ерекшеленгендер арасында (Гол салғандар): Акылбаева Айжан - 4 ,  Закирова Камила. – 2, Новикова  Анна.– 1.

Төртінші күні  Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасын 15 -4 ұпаймен жеңді.  Гол салғандар: Акылбаева Айжан – 2,Закирова Камила – 3, Турова Анна  – 5,    Еремина Анастасия – 3, Сайчук Оксана -1, Еремина Анастасия -1, Миршина Анастасия -3

Бесінші күні  Қазақстан құрамасы Чемпионат иелері  Жапон құрамасымен ойнады, қажырлы күрес барсында 10-7 ұпаймен біздің қыздар  кем түсті.

Қорытынды ойын күні  біздің құрама Сингапур құрамасын 13-1 ұпаймен айқын жеңіп шығып, Чемпионаттық үшінші орынына яғни қола жүлдегерлері атанды және 2017 жылы Будапешт қаласында өтетін Әлем Чемпионатына қатысуға лицензия алды. Қорытынды айналымның қорытындысы бойынша Акилбаева Айжан, Миршина Анастасия үздік спортшылар деп танылды.

Біздің қыздарды  женісімен Құттықтаймыз! Алдағы уақытта оңды нәтиже көрсету үшін табанды дайындалып, алға ұмтылуға тілектеспіз! Сәттілік тілейміз!

Сұхбат

PhotoRoom