Шу ауданында "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында 125 азамат оқытылды

Аймақ
30.11.2016, 01:17

Шу ауданында "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламаның ІІІ-бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» бойынша 2016 жылға жоспарланған 125 азамат  оқытылып, 119 адам тұрақты жұмысқа жіберілді, 5232,0 мың теңге қаражат игерілді.

Республикалық бюджет есебінен біліктілігін арттырған 10 адам: 6 газэлекторосварщик, 4 аспазшы тұрақты жұмысқа орналасты, 611,0 мың теңге игерілді. Олар: ЖК «Мырзашев», ЖК «Скаков», ЖШС Компания «Марк», Теміржол жөндеу зауыты, ЖК «Омаров», Берлік ауылында ПМС-ға тұрақты жұмысқа орналасты.

Республикалық бюджеттен қайта даярлауға 15 адамға 2470,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілді. 15 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Жергілікті бюджеттен кәсіптік оқытуға 100 адамға 2000,0 мың теңге қаражат бөлініп, 100 адам оқытылып сертификат алды, 94 адам  тұрақты жұмысқа орналасты, бөлінген қаржы толық игерілді.

Сұхбат

PhotoRoom