Шу ауданындағы бірқатар жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді

Аймақ
30.11.2016, 01:36

732186_1375960548Шу ауданында ағымдағы жылы жол жөндеуге 344,9 млн. теңге қарастырылды. Оның ішінде облыстық бюджеттен Аспара ауылына кіре беріс  28,1 млн. теңгеге 1,7 шақырым, Абай ауылына кіре беріс 94,8 млн. теңгеге 8,68 шақырым, «Балуаншолақ - Жиделі» автожолы 72,6 млн. теңгеге 17,3 шақырым жол жөндеу жоспарланды.

Облыстық мәндегі жолдарды қыс мезгілінде қардан тазалауға 1-ші және 4-ші тоқсанға 7500,0 мың теңге қарастырылып, 2016 жылдың 1 қарашасына 90,3 млн. теңгесі игерілді.

2016 жылы орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюдежттен 91 млн. 950,0  мың теңге қарастырылып, Бұл қаржыға Көкқайнар ауылы, Саудабаев көшесінің 0,6 шақырымына  10 млн. 140,0 мың теңге, Көктөбе ауылы, Жаңа көшесінің 1,0 шақырымына 14 млн. 656,0 мың теңгеге, Шоқпар ауылы, Абай көшесінің 18 млн.975,0 мың теңге бөлініп игерілді.

Аудандық маңызы бар жолдар және Шу қаласы мен елді мекендердің көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына  қаралған 39,1 млн. теңгенің 35,0 млн. теңге игерілді. Барлық игерілген қаржы 87455,0 мың теңге.

Сұхбат

PhotoRoom