Меркі ауданында бала өлімі азайды

Аймақ
30.11.2016, 01:39

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Меркі ауданының әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлының қатысуымен баспасөз маслихаты өтті. Брифингте Мейірхан Азатұлы ауданның білім беру ошақтарына тоқталып өтті.

Оның ақпаратынша, Ауданда жалпы білім беретін 38 мектеп бар, 2015-2016 оқу жылында аудан мектептерінде - 15409 оқушы оқумен қамтылған. Аудан мектептерінде 2038 білім қызметкері жұмыс атқарады, оның ішінде жоғары білімдісі 1919, арнаулы орта білімдісі 119. Аудандағы 38 мектептің 29-да ыстық тамақ ұйымдастырылған, бүгінгі күнде бюджеттің шығыс бөлігінің қысқартылуына байланысты тегін ыстық тамақпен тек қана жағдайы төмен отбасынан шыққан  685 оқушы 100 пайызға қамтылуда. Есепті кезеңде аудандық бюджеттен ыстық тамақпен қамтуға 35,1 млн. теңге бөлінді.

Ойтал ауылындағы №20 орта мектептің (сметалық құны – 217,6 млн. теңге) күрделі жөндеу жұмыстарына 211,5 млн. теңге бөлініп жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Жұмыспен қамту Жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттен Меркі ауылындағы №17 И. Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының (сметалық құны – 277,0 млн. теңге) күрделі жөндеу жұмыстарына -  268,8 млн. теңге және Кеңес ауылындағы №6 орта мектебінің терезелерін ауыстыруға 9,6 млн. теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді спикер.

Сондай-ақ аудан басшысы денсаулық сақтау саласында шектен тыс қалдырмады. Есепті кезеңде жалпы денсаулық сақтау саласына 1,2 млрд. теңге  бөлініп, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға өсті.

Республикалық және облыстық бюджеттен орталық ауруханаға 1,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде: дәрі дәрмекке - 149,4 млн. теңге, тамаққа - 19,8 млн. теңге.

Есепті кезеңде тіркелген сарып (бруцеллез) - 16, вирустық гепатит - 3, былтырғы жылдың осы кезенімен салыстырғанда сарып аурулар саны 5 азайып отыр.

Есепті кезеңде тіркелген ана өлімі - 1, бала өлімі - 10, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бала өлімі 7 азайған.

Ауданда денсаулық сақтау саласында 250 келушіге арналған орталық емхана құрылысы аяқталып, 2016 жылдың қазан айында қолданысқа берілді, - деп сөзін түйіндеді М.Өмірбеков.

Сұхбат

PhotoRoom