Меркіде негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6,6 млрд. теңгені құрады

Аймақ
29.11.2016, 01:41

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Меркі ауданының әкімі үстіміздегі жылдың қаңтар-қазан айларындағы құрылыс жұмыстарының көлемін талқылады.

Меркі ауданының әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлының айтуынша, үстіміздегі жылдың қаңтар - қазанында құрылыс жұмыстарының көлемі 3,1 млрд. теңгені құрады және 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,0 % өскендігін айтты.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық №9 орта мектептің (сметалық құны-1149,3 млн. теңге) құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «ТаразҚұрылысДизайн» ЖШС-гі, жалпы соммасы 952,1 млн. теңгеге ұтып алып, жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылға бөлінген қаржы көлемі 897,8 млн. теңге. Бөлінген қаражат жоспар бойынша 848,5 млн. теңге игерілді. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2017 жылдың 1 шілдесі.

Пайдалануға 26,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер енгізілген немесе 2015 жылдың деңгейіне 100,1 %, бұл жеке тұрғын үй құрылысының өсуіне байланысты.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6,6 млрд. теңгені құрады, - деп хабарлады өңір басшысы.

Сұхбат

PhotoRoom