Жамбыл облысында субсидиялау бағыты бойынша 14 жоба іске қосылды

Аймақ
29.11.2016, 01:47

1480418605_5Шағын және орта бизнес саласында 5141 кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда 12579 адам жұмыс істейді, 2015 жылдың осы кезенімен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,0 пайызға артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Мейірхан Азатұлы хабарлады.

Оның сөзіне сүйенсек, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында банк несие пайызының бір бөлігін субсидиялау бағыты бойынша жалпы соммасы 543,9 млн. теңгені құрайтын 14 жоба іске асты.

Сондай-ақ, аудан бюджеті 2016 жылдың 1 қарашасына аудан бюджеті кірістері бойынша 8 млрд. 292,3 млн. теңгеге немесе жоспарға 101,5%-ға, өзіндік кірістер - 939,8 млн. теңгеге (115,3%), трансферттердің түсімдері бойынша - 7 млрд. 352,5 млн. теңгеге (100,0%) орындалды.

2016 жылдың қаңтар-қазанында аудан бюджетінің шығындары 8 млрд. 216,6 млн. теңгені (жоспарға 98,8%) құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,1%-ға өскен, оның ішінде білім саласындағы шығындар - 19,7%-ға, әлеуметтік көмек пен қолдауға -12,9%-ға ұлғайған.

Сонымен қатар, брифинг барысында аудан басшысы салық мәселесінде айта өтті. 2016 жылдың қаңтар-қазанында мемлекеттік бюджетке 1 млрд. 748,7 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 119,3 %. Республикалық бюджетке түсімдер 271,0 млн. теңгені (118,6%), облыстық бюджетке - 537,9 млн. теңгені (127,4%), аудандық бюджетке - 939,8 млн. теңгені (115,3%) құрады, - деп мәлімдеді М.Өмірбеков.

Сұхбат

PhotoRoom