Жамбылда 57 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды

Аймақ
29.11.2016, 01:55

090113_1«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылға мүйізді ірі қара малдын 484 бас аналығын сатып алу жоспары белгіленген болатын. Есепті кезеңде 562 бас сиыр сатып алынды немесе жоспардың орындалуы 116,1 % құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков баяндады.

Оның айтуынша ауданда «Алтын асық» кешенді бағдарламасы бойынша 2016 жылға сатып алынатын қой 3075 бас болып жоспарланған, есепті кезеңде нақты сатып алынған қой 15450 бас, немесе жоспардың орындалуы 502,4 % құрады.

«Құлан» жылқы шаруашылығын дамыту кешенді бағдарламасы бойынша 2016 жылға 400 бас жылқы сатып алу жоспарланып, есепті кезеңде 620 бас жылқы сатып алынып, жоспар 155,0 % орындалып отыр.

Есепті кезеңде 156,3 млн. теңгеге 57 әртүрлі дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

Сондай-ақ ветеринария мәселесін мәлімдеген өңір басшысы, 2016 жылы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды, диагностикалық тексерулерді жүргізу үшін мемлекет тарапынан 88,7 млн. теңге қаржы бөлініп, есепті кезеңде 87,3 млн. теңгесі игерілді.

2016 жылдың басынан бері 229,8 мың бас ұсақ малдан қан алынып, сарып ауруына оң нәтиже берген 790 бастың, 40 басы өліп, 750 басы сойылып өңдеуге жіберілді. Мал иелеріне 9,3 млн. теңге өтемақы төленді.

Сарып ауруына қарсы 39,9 мың мүйізді ірі қарадан қан алынып, сарып ауруына оң нәтиже берген 46 бастың, 9 басы өліп, қалған 37 бас арнайы мал сою пунктінде сойылып өңдеуге жіберілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Сарыппен ауырған адамдар саны (2012 жылы 62 адам, 2013 жылы 56 адам, 2014 жылы 43 адам, 2015 жылы 27 адам , 2016 жылдың есепті кезеңінде 17 адамға дейін қысқарып отыр ), - деп сөзін түйіндеді М.Өмірбеков.

Сұхбат

PhotoRoom