2017 жылы Шу ауданында баламалы станция іске қосылады

Аймақ
29.11.2016, 02:02

Шу аудданында «Windhan» ЖШС-гі баламалы стансасының жобасын жүзеге асыруды қолға алмақ. Жоба бойынша І-кезең қуаттылығы 109 МВт-ты құрап, оның құны 240 млн. АҚШ долларын, ал ІІ-кезеңнің  қуаттылығы 141 МВт. құны 310 млн. АҚШ долларын бағаланып, жобаның жалпы құны 550 млн. АҚШ долларын құрайды деп жоспарлануда. Қазіргі таңда жобаның сметалық құжаты дайындалуда.

І-кезеңге 36 баламалы электргенераторын орнатуға 8,55 га жер және жел электр генераторларына қызмет үшін кірме жолдарына 43,57 га жер телімі,    ІІ кезеңіне 47 баламалы электргенераторын орнатуға 107 га жер телімі бөлініп, барлығы 167 га жер телімі бөлініп берілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу 2017 жылдың I тоқсанына жоспарлануда. Бүгінгі күнге 1 кезең мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2-ші кезеңін мем. сараптамадан өткізуге құжаттарын заңдастыруда, осымен қатар құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсаты күтілуде және АҚШ долларының көтерілуіне байланысты ҚР Үкіметімен электр қуатының тарифтерінің бағаларына қосымша келіссөздер жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom