Шу ауданында 2015-2019 жылдары төрт ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ

Аймақ
29.11.2016, 02:03

277_content_pageШу ауданында 2015-2019 жылдары индустриаландыру картасына төрт ірі инвестициялық жобаларды ұсынуды жоспарлап отыр.

Олардың бірі - «Qadam industries» ЖШС-гі пестицид өнімін өндірі жобасы. Оған «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағынан 5 га жер телімі бөлініп беріліп,  қуаттылығы жылына 2 мың тоннаға дейін пестицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру жоспарланған. Аталған жобаның құны 4 501 млн. теңгені құрап отыр, ал оның іске асырылу мерзімі 2017 жылдың ІV тоқсанына жоспарланған. Сондай-ақ, аталған жоба іске қосылғанда 30 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бүгінгі күнге жобаның ЖСҚ-сы дайындалуда.

Алдағы жылдары іске асырыладыдеп күтілетін тағы бір жоба - «Өндірістік компания «НИКА» ЖШС-гі перекис суы өнімінің өндірісі. Ол үшін «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағынан 15 га жер телімі бөлініп берілген. Аталған жоба бойынша қуаттылығы  жылына 33 000 тонна перекис суы және 2 000 тонна жоғарғы тазартылған перекис суы өнімін өңдеу жоспарлануда. Аталған жобаның құны 36 300 млн. теңгені құрайды, ал оның іске асырылу мерзімі 2018 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланған. Жоба іске қосылғанда өндіріс орнында 91 жаңа ұмыс орны ашылмақ.

Бұдан өзге Шу ауданында құрғақ бутилдық ксантогендік натри өндірісі мен тереңдетіліп өңделген табиғи газ өндірісі де қолға алынып, жоспарға енді.

Сұхбат

PhotoRoom