Биыл мемлекеттік бюджетке 5,8 трлн. кіріс түсті

Рейтинг
20.12.2016, 12:27

6Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен, еліміздің 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қарастырылып жатқан Үкіметтің кезекті отырысындағы баяндамасында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтып өтті.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджетке кірістер (трансферттерсіз) 5,8 трлн теңге сомасында түсті. Мемлекеттік бюджет бойынша асыра орындау сомасы 396 млрд теңгені құрады, республикалық – 255 млрд теңге, жергілікті бюджет бойынша – 141 млрд теңге.

«11 айдың ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,8%-ға мемлекеттік бюджет кірістері бойынша өсім байқалады, республика бойынша - 41,1% және жергілікті бюджет бойынша - 13,6% өсім», - деді Б. Сұлтанов.

Жалпы, мемлекеттік бюджет кірістері 107,3%-ға, республикалық - 106,6%-ға, жергілікті - 109,1%-ға орындалды.

Спикердің айтуынша, жыл қорытындысы бойынша салық түсімінің айтарлықтай асыра орындалуы күтілуде, шамамен 250-300 млрд теңге.

«Бұл Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті тартпауға мүмкіндік береді», - деп сөзін түйіндеді қаржы министрі.

Мемлекеттік бюджет шығындары шамамен 9 трлн теңгеге жетіп, 20%-ға артты. Игеру қарқыны өткен жылдағымен салыстырғанда жақсырақ. Жалпы мемлекеттік бюджет шығыны 97%-ға, республикалық - 98,2%-ға және жергілікті - 96,6%-ға орындалды. Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығынын орындау 98,6% шамасында күтілуде.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom