Президент СҚО әкімі Сұлтановты мақтады

Жаңалықтар
04.09.2014, 14:57

Бүгін жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Айыртау ауданындағы «Кутузовка-Алиби» серіктестігінің егіс танабында өңір аграршыларымен жүздесті.

Қазіргі кезде серіктестікте 25 мың гектар ауыл шаруашылығына жарамды жер бар, олардың 18 600-і бидай, 10 пайызы бүгінде жиналып үлгерді, орташа өнімділік гектарына 22 центнерден айналып отыр.

1780883

Осы егіс танабында Н. Назарбаевқа 10 «John Deere» заманауи комбайны көрсетілді. Одан әрі өңір басшысы Ерік Сұлтанов Елбасын СҚО агроөнеркәсіптік кешенінің даму барысымен таныстырды.

«Мал шаруашылығын дамыту қажет, егіс  өнімділігін арттыру жайына көп көңіл бөлінуі тиіс. Осы қолда барды сақтай білейік. Ауылдағылар қалалық тұрғындармен теңесіп, тіпті артық тұратындай әлеуметтік саланы дамытуға қол жеткізуіміз қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге баса назар аударыңдар», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Н. Назарбаев өңір әкімін мақтады. «Жақсы әкім бұйырған екен, бірлесіп қалыпты жұмыс жүргізіңдер. Бір жіберген қателікке екінші жол бермеңдер. Жаңа мүмкіндіктер ашылуда», - деді Елбасы.

Кездесу барысында Еңбек Ері, белгілі ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушысы Геннадий Зенченко Президентке алғыс сезімін білдірді.

Г. Зенченко Н. Назарбаевқа ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенді қолдағаны үшін алғыс айтты. Ол Елбасына 20 жыл бұрын олардың алғашқы кездесуінде түсірілген фотосуретті табыс етті.

Сұхбат

PhotoRoom